29
Жұма,
Наурыз

һижри

Елордада «Берекелі мереке - 5» рухани кеші өтеді

Елордада «Берекелі мереке - 5» рухани кеші өтеді

Ел іші
Жарнама

9 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Өнер қырандары» театрының дәстүрлі «Берекелі мереке» рухани кешінің кезекті маусымы Астана концерт залында басталады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жылдағы үрдіс бойынша қасиетті Рамазан айының құрметіне арнайы дайындаған «Берекелі мереке - 5» рухани кешін Елорда тұрғындары сәуір айының 23-де, сағат 20:30-да тамашалай алады.

Әзіл-шыны аралас, күлдіре отырып терең ойға бөлейтін, көңіл пернелерін дөп басатын қойылымдарымен көпшіліктің ықыласына бөленген театр ұжымының жаңа бағдарламасы да көрерменді бей-жай қалдырмасы анық.

Айта кетейік, аталған жобаның 2015 жылғы алғашқы концерті «31» телеарнасының көрермендері тарапынан ең көп тамашаланған бағдарламалардың қатарына енген болатын.

Әзілдің астарымен өмірдің ақиқатын жеткізе білген өнерлі жігіттерге қолдау білдірейік.

Анықтама телефоны: 87712999084, 87757207510

Бөлісу: