23
Сейсенбі, Шілде

һижри

Нұр-Мүбәрак университетінің дайындық бөлімі ашылды (ФОТО)

Нұр-Мүбәрак университетінің дайындық бөлімі ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

17 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Шымкент қаласы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешіті жанында Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетіне дайындық бөлімінің ресми ашылу салтанаты болып өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ресми шараға ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, наиб мүфти,  PhD  докторы  Алау Әділбаев,  Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің  ректоры, профессор  Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди, аталмыш оқу орнының проректоры исламтанушы, PhD  докторы Қайрат Құрманбаев, Рахымжан Әкімбеков сынды мәртебелі қонақтар мен жергілікті азаматтар қатысты.

Ашылу шарасында мәртебелі қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, зәулім ғимараттың салынуына себепкер болған А.Мырзахметов, Ә.Тойшиев, Р.Алпысбаев және Ералы Есенгелдиев сынды ел ағаларына алғыстарын жеткізді.       

Шара аясында ҚМДБ-ның Шымкент қаласындағы өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев пен Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор  Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди шәкіртердің білімін жетілдіру, жастардың тәлім тәрбиесіне үлес қосу бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жалпы, ғимарат үш қабаттан тұрады. Онда 7 жатақхана,  2 асхана,  7 сынып бөлмесі мен дәрет алу бөлмелері қарастырылған. Мұнымен қатар, ұстаздар бөлмесі мен қабылдау бөлмелері заман талабына сай жасалған. Оқу орны 70 шәкіртке арналған.

Шара соңында қонақтарға арнайы кәде-сыйлықтар табысталып, жамағатқа мерекелік дастархан жайылды.

Бөлісу: