16
Жексенбі, Маусым

һижри

Елорда мешіттері арасында футболдан үлкен турнир өтті (ФОТО)

Елорда мешіттері арасында футболдан үлкен турнир өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

30 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz ­– ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен, «Триатлон парк» спорт кешенінде Нұр-Сұлтан қаласы мешіттері арасында футболдан «Қуатты мұсылман – әлсіз мұсылманнан қайырлы» атты турнир өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Аталмыш турнирге 10 мешіт, «Ислам орталығы» және «Астана» медресесінен  құралған, барлығы 60 спортшының қатысуымен 12 команда теңбіл доптан күштерін сынады. 70-ке жуық көрермен белсенді жанкүйер болып, доданың көрігін қыздыра түсті.

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының  КММ  басшысы Жапал Долиев, ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин және  басқа да құрметті қонақтар қатысып, сөз сөйледі.

Сондай-ақ, турнирде жүлделі болған командаларды «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов және наиб имамдар Серікбол Хаманұлы, Оңғар Хайридинов, Нұрсұлтан Шамшидин қатарлы имамдар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

lZKBd 66r88

sG3L14gtJwI

UQIuinBd3uQ

25tOKWxNhuM

9HLCTyVnJWk

XhYHDHs BJ8

Турнир қорытындысы:

Бірінші орын (50 мың)

«Кунта қажы» мешіті «Батыр» командасы

54Fd9pD52yU

Екінші орын (30 мың)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті «Сарыарқа» командасы

li41M13 vVk

Үшінші орын (20 мың)

«Әзірет Сұлтан» мешіті «Сұлтан» командасы

HGWyUQrJZfQ

Бөлісу: