29
Жұма,
Наурыз

һижри

БАҚ өкілдері Бас мешіттегі ауызашарда бас қосты (ФОТО)

БАҚ өкілдері Бас мешіттегі ауызашарда бас қосты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

28 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елордамыздағы журналистер қауымы қонақта болып, «Берекелі Рамазан» дастарханынан ауыз ашты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.  

Қазақ баспасөзінің қарымын күшейтіп, қаламды қару еткен түрлі телеарналар мен газет-журнал, сайт тілшілері бір дастархан басында бас қосып, тағылымды отырыс өткізді. Көбіне түсірілім барысында ғана жолдары түйісетін тілшілер қауымы үшін мешіттегі ауызашардың орны бөлек болғандай. «Әзірет Сұлтан» мешітінің конференц залына біртіндеп жиылған журналистердің ауызашар алдындағы жылы жүздесулері мен достық сұхбаттары, дастархан басындағы бір атаның баласындай жақындық пен ортақ пікірлер үндестігі осыны аңғартқандай.

Етене әріптестерімен емен-жарқын сұхбаттасып, бір жасап қалған журналистер үшін мешіт имамының уағызы да шөл қандырар рухани сусын болды. Құтты қонақтармен бірге Рамазанның 23-ші күніне аяқ басқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев отырыс барысында ұлық айдың қадір-қасиеті жайында тағылымды уағыз айтып, тілшілер қауымын тың ойларға жетелей түсті. Құран қиссаларынан мысал келтіре келіп, тілшілер қауымы үшін артылар салмақтың да, жүктелер міндеттің де қай заманда орасан екенін әсерлі жеткізді. Сондай-ақ, қолымыздағы нығметтің қадірін түсініп, бағасын білуге үндеген Бақытжан имамның бұл уағызы да журналистер үшін тағылымға толы болды.

Берекелі отырыс барысында Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай ағамыз да көпшілікке ғибратты әңгіме айтып, отырыс сәнін арттыра түсті. Бүгінгі осындай тағылымды басқосуға ұйытқы болуға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

1ad0dadd60cecd5b239dc466b109c7cc

eb2f65d30c304128f775a86bc1712f17

d2ab04864ab1c34f27817172bd3742b2

ea6266640a8a7e0e8c7f45271a42e75d

c512a6d53e60264c97462ce91abf56ec

1c752f2297af88fb861b529621defa72

1ee0765813f556aa502f6bc0e9476d43

3b6e685d2378cd831d520f5f077b5c83

3b6e685d2378cd831d520f5f077b5c83

6c973168cfa3894b12b65d20d57f19f1

Бөлісу: