29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мүфтиятта жаңа бөлім ашылды (ФОТО)

Мүфтиятта жаңа бөлім ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада өткен ҚМДБ Орталық аппарат жиналысында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жаңа бөлімнің ашылғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Мұрат Манапұлы Әбдіхалықов Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

«Мұрат Манапұлы Әбдіхалықов ҚМДБ Ғаламтормен жұмыс бөлімі меңгерушісі қызметінен босатылып, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалсын», – делінген бұйрық мәтінінде.

Бас мүфти жаңадан ашылған бөлімге басшылық жасайтын Мұрат Манапұлының жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, мазмұнды кітаптарды аудару бойынша нақты тапсырмалар берді. 

Мұрат Манапұлы Әбдіхалықов

1984 жылы Түркістан (бұрынғы ОҚО) облысы, Төлеби ауданы, Алатау ауылында туған. Орта мектепті аталған елді мекенде оқыған.

Білімі мен біліктілігі:

2001-2006 жылдары аралығында Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін «Филолог-шығыстанушы: араб тілінің оқытушысы» мамандығы бойынша оқып, үздік аяқтаған;

2006-2007 жылдары аралығында ҚР Қарулы күштері қатарында өзінің әскери борышын өтеген;

2010-2012 жылдары аралығында Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Аударма ісі: Ілеспе аудармашы» біліктілігі бойынша магистратурасын тамамдап, Аударма ісінің магистрі ғылыми дәрежесін иемденген;

2015-2017 жылдары аралығында Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасында оқып, «Дінтану» магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолы:

2009-2010 жылдары аралығында әртүрлі басылымдарда, телевизия саласында тілші болған;

2012-2013 жылдары аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытушы болған;

2013-2014 жылдары аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің маманы болып қызмет атқарған;

2014-2019 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті;

2019 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Отбасы құрған, 2 баласы бар.

0x0 24

0x0 23

0x0 24

Бөлісу: