18
Бейсенбі, Шілде

һижри

«Мейірімділік мекені»: 150 отбасыға азық-түлік таратылды (ФОТО+ВИДЕО)

«Мейірімділік мекені»: 150 отбасыға азық-түлік таратылды (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

17 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мейірімділік мекені» атты дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтті. Бірнеше жылдан бері желісі үзілмей жалғасып келе жатқан бұл шара аясында мұқтаж отбасыларға бір айлық азық-түлік қорын таратылды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Елордамыздағы көп балалы және асыраушысынан айырылған, тұрмысы төмен мұқтаж жандарды қамтыған қайырымдылық шарасының шарапаты бұл жолы 150 жанұяға жетті.

Шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов бастаған мешіт қызметкерлері жамағатпен жүздесіп, рухани қолдау танытты. Құлшылық ордасы атынан азық-түлік қорын табыстап, салмағы зілкөтерем сөмкелерді жеткізіп беруге атсалысты.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан басталғанда «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» жолға шығып, Елордамыздағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік қорын үйлеріне жеткізіп беру жолға қойылған болатын. Игі шараға атсалысқан мешіт жамағаты бүгінгі акцияға да өз үлестерін қосып, мұқтаж жандарды тасымалдауға кірісті.

 

Бөлісу: