27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Арыста қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Арыста қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Ел іші
Жарнама

5 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласының орталық алаңында жергілікті тұрғындарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндірушілер, 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Өнімдер қала тұрғындарына базар нарқынан 30%-ға төмен бағада ұсынылды. 

Жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлық аудан, қалалардың даму басымдылықтарына сәйкес өндіріліп, жинақталған. 

«Айта кетерлігі, жәрмеңкеге жеткізілген ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі - 22,5 тонна, көкөністің жалпы көлемі – 54,5 тонна, сүт өнімдерінің жалпы көлемі – 24,4 тонна, бақша өнімдерінің жалпы көлемі – 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, әселдің көлемі – 2 тонна, балықтың көлемі – 5 тонна», - делінген әкімдіктің хабарламасында. 

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге облысқа танымал өнерпаздар қатысып, арыстықтарға концерттік бағдарламаларын ұсынды. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға арналған жәрмеңке жалғасын табатын болады. 

1af5c90d5bb0ab4d84443001e680fd7b

7520fd2958fb9afe646f10dcdf61c5c8

Бөлісу: