10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

ҚМДБ авиакомпаниялар арасында конкурс жариялайды

ҚМДБ авиакомпаниялар арасында конкурс жариялайды

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажыларды тасымалдау  үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды.

КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:

  1. Авиакомпанияның «Қажылық-2025» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
  2. Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
  3. Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
  4. Авиакомпания Қазақстан Республикасының қажыларын 22.05.2025ж. мен 02.06.2025ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 14.06.2025ж. мен 20.06.2025ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну;

Аталған құжаттар 09 қазаннан бастап This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасы арқылы 21 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды. Туындаған сұрақтар бойынша жауапты тұлғаға (Жәнділлә Бекжігітов  +77014770717 ) хабарласуға болады. 

ҚМДБ Қажылық бөлімі

Бөлісу: