19
Сенбі,
Қазан

һижри

ҚМДБ Төрағасы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты

ҚМДБ Төрағасы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Кісі ақысын жеу – кешірілмейтін күнә» тақырыбында уағыз айтқан ҚМДБ Төрағасы: Дініміз мұсылмандарға адал еңбек етуді бұйрып, біреуге зиян тигізіп, ақысын жеуден тыйған. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Бір-біріңнің мал-мүліктеріңді нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір бөлігін (өздеріңе тиесілі болмағанын) негізсіз алу үшін басшыларға пара ретінде беруші болмаңдар», – деп айтқан («Бақара» сүресі, 188-аят).

Халқымыз ұрпағына: «Ешкімнің ала жібін аттама» деп, өзгеге қиянат жасамауды, зиян бермеуді, ақысыз мал-дүниесіне қол салмауды кішкентайынан үйретіп, құлағына құйып өсірген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім бір қарыс жерді зорлықпен тартып алса, сол жердің жеті есесі қиямет күні мойнына жүктеледі», – деп ескерткен» деді.

Жұма назынан кейін Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен бірге ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Бөлісу: