19
Сенбі,
Қазан

һижри

Әбдіжәлил баб атындағы тарихи-діни мұражай үйі ашылды

Әбдіжәлил баб атындағы тарихи-діни мұражай үйі ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Жаңақорған ауданы Хорасан ата кесенесінде Әбдіжәлил бабқа арналып тарихи-діни мұражай үйі ашылды.

Салтанатты рәсімге арнайы қатысқан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы жылдары бабалар ізін жаңғыртып, тарихи сабақтастықты жалғастыру мақсатында ірі-ірі жобаларды қолға алды. Соның бірі де бірегейі жыл басында жарық көрген «Бабалар ізімен; қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы. Есте жоқ ескі заманда қалып кеткен арғы аталарымызды іздеп, еңбегін жаңғыртып, қалдырған мұрасын түгендеп жатырмыз. Сондай сауапты істің бірі бүгін киелі Жаңақорған жерінде болып жатыр. Белгілі кәсіпкер, дін жанашыры Бахараддин Аблазимовтің бастауымен, аймақтың қолдауымен мұражай салынды. Қазақ даласына хақ дінді таратқан Әбдіжәліл баб атындағы мұражай қаншама ұрпаққа өнегелі орын болады деп сенеміз. Мұражай құтты болсын! Ел игілігіне қызмет ете берсін деп тілеймін» деді.

Кейін қонақтар мұражай ішін аралап қазақ даласына ислам дінінің келуінен бастап көне жәдігер бұйымдармен танысты.

 

Бөлісу: