21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Ел үлесі – пәтерге»: 786-баспана Жетісуда берілді

«Ел үлесі – пәтерге»: 786-баспана Жетісуда берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Жетісу облысына жұмыс сапарымен барған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев 786-баспананың кілтін жалғызбасты кейуанаға табыстады.

Қор директоры қасиетті жұма күні Панфилов аудандық орталық мешітінде жиналған жамағатқа «Кісі ақысын жеу – кешірілмейтін күнә» тақырыбында уағыз айтып, намаз алдында «Ел үлесі – пәтерге» жобасымен жалғызбасты кейуанаға кезекті баспана кілтін беріп, айрықша қуаныш сыйлады.

Жұма намазынан соң облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлымен бірге баспаналы болған кейуананың үйінен дәм татып, дастарқанға бата жасады және сыйлықтар табыс етті.

Бөлісу: