21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстандағы елшімен жүздесті

Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстандағы елшімен жүздесті

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.

Бас мүфти Ташкентте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға құрметті мейман ретінде қатысқанын, конференция мақсаты – дінаралық достықты нығайтуға үлес қосу, дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндеу, Исламның бейбітсүйгіш дін екенін халықаралық дәрежеде дәріптеу екенін атап өтті.

«Түркі елдері ішінде Қазақстан үшін Өзбекстан мемлекетінің маңызы зор. Біздің тарихымыз, мәдениетіміз, дініміз, тіліміз – ортақ. Осы рухани мұраларымыздан тағылым алып, еліміздің кемел келешегі үшін қызмет етуіміз керек деп білемін. Бүгінде Өзбекстанда 800 мыңнан астам этникалық қазақ тұрады. Өзбек жерінде біздің Төле би, Әйтеке би секілді бабаларымыз жерленген. Бұл да – бізді жақындастыра түсетін фактордың бірі» деді ҚМДБ Төрағасы.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, экономикалық байланыс жақсы жолға қойылғанын, қазіргі таңда екі ел арасындағы рухани, туристік байланыс та жанданып келе жатқанын алға тартты. Өз кезегінде Бейбіт Атамқұлов Діни басқарма атқарып жатқан игі бастамаларға тілеулестігін білдіріп, қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Бөлісу: