18
Жұма,
Қазан

һижри

Бас мүфти Хиуадағы халықаралық концеренцияда баяндама жасады

Бас мүфти Хиуадағы халықаралық концеренцияда баяндама жасады

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы тарихы мен мәдениеті терең Хиуа шаһарында жалғасқан «Ислам – бейбітшілік пен ізгілік діні» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама жасады.

Исламдағы әлеуметтік қорғау мәселелері қозғалған іс-шарада Бас мүфти: «Халықты әлеуметтік тұрғыда қорғау, көмектесу қашанда ең басты мәселе болып келген. Әсіресе, Ислам діні әлеуметтік мәселеге ерекше көңіл бөлетінін біз жақсы білеміз. Ислам ғана адамдардың әлеуметтік қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алады десек, қателеспеген боламыз. Бұл мәселе жөнінде атқарылған жұмыстармен қатар, оның өзіндік проблемалары да жетерлік. Дегенмен біздің бүгінгі отырысымыздың өзі сол мәселелерді шешу жолында жасалып жатқан өте маңызды қадамдардың бірі деп айтуға болады» деді.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы осы айдың басынжа Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының V мәжілісі өткенін және сол жиында «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» және «Фиқһ мектебінің пәтуа беруге қатысты ережесі» сынды маңызды құжаттар қабылданғанын атап өтті.

Бөлісу: