23
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

Мүфтият ұжымы интеллектуалды білім сайысына қатысты

Мүфтият ұжымы интеллектуалды білім сайысына қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

25 қазан – ұлттық мереке Республика күніне арналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымдық интеллектуалды білім сайысы өтті.

Қызықты әрі тартысты өткен білім сайысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, мүфтият ұжымын еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады.

«Бұл білім сайысын ұйымдастырудағы мақсатымыз – ұлттық мерекемізді ұжым арасында дәріптеу, мүфтият қызметкерлеріне мерекелік көңіл-күй сыйлау. Мұндай интеллектуалды сайыстарда жеңу маңызды емес, қатысып, білімін сынау, логикалық ойлауын байқап көру маңызды. Ұжым ішінде ұйымдастырылғандықтан бүгін достық жеңді деп есептейміз» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, ұжымдық сайысты елімізге танымал интеллектуалды жобалардың және ойын сұрақтарының авторы Мерей Ермұханов жүргізді. Төрт мүфтият қызметкерінен құралған 11 команда арасынан «IQUP» командасы І орынды жеңіп алса, Діни басқарма арулары топтасқан «IQ-RO» командасы ІІ орынды, ал «Ізгі адамдар» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген командаларға қаржылай сыйлық, ал барлық қатысушы командаға мерекелік сый-сияпат табыс етілді.

Бөлісу: