23
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

ҚМДБ Төрағасы халықаралық конференцияда баяндама жасады

ҚМДБ Төрағасы халықаралық конференцияда баяндама жасады

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінде Хусамуддин әс-Сығанақидың рухани мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, арнайы баяндама жасады.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Хусамуддин әс-Сығанақи – Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген үлкен ғалым. Оның еңбектері сол замандағы мұсылман әлеміне үлкен әсер етіп, көптеген шәкірттерінің арқасында одан әрі жалғасын тапты. Бүгінгі ғылыми-зерттеу жұмыстары осы бабамыздың мұраларын одан әрі жандандыруға зор үлес қосатынына сенімдімін. Хусамуддин бабамыздың өмірі мен еңбектері біз үшін үлгі болмақ.

Бүгінгі конференцияға шетелдік және қазақстандық ғалымдардың қатысуы – халықаралық ынтымақтастықтың нығаюы мен ислам ғылымының жаңа деңгейге көтерілуінің айқын көрінісі. Осы конференция аясында жаңа ғылыми жетістіктер мен бағалы деректер жарыққа шығып, рухани байлығымызды одан әрі арттырады деп сенемін. Бабамыздың атын жаңғырту мақсатында 2022 жылы Астана қаласында Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтын аштық. Білім беру екі бағытта жүргізіледі: «Ислам ілімдері» бөлімі және «Құран ижазасын беру орталығы». Қазіргі таңда ислам институтында 49 студент білім алуда. Ижаза орталығының Алматы қаласындағы филиалында 12 шәкірт білім алуда. 2023 және 2024 жылдары (екі жылда) 38 қари ижаза алып шықты», – деді.

Айта кетсек, конференцияда Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрі, доктор, профессор Усама әл-Азһари бейне құттықтауын жолдады. Сонымен қатар елімізге белгілі ғалымдар, шетелден келген меймандар арнайы баяндама жасады.

Бөлісу: