25
Жұма,
Қазан

һижри

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Жылу сыйла» акциясын бастады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Жылу сыйла» акциясын бастады

Жаңалықтар
Жарнама

Еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күніне орай Астана қаласында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы басталды.

Нақты айтқанда, елорда сыртында орналасқан саяжайлар мен елдімекендерде тұратын әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға 30 тоннадан астам көмір үлестіріліп, тұрғындардың  жүректеріне қуаныш, баспаналарына жылу сыйлады. Өз кезегінде тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Сонымен қатар, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен «ABAQUS-DARYN» (білім қоры) жеке қорына да көмір таратылды.

Бөлісу: