02
Сенбі,
Қараша

һижри

Елорда имамдары «Астана ботаникалық бағына» экскурсия ұйымдастырады (фото)

Елорда имамдары «Астана ботаникалық бағына» экскурсия ұйымдастырады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Жастар ісі» секторының ұйытқы болуымен Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елордалық имамдар «Астана ботаникалық бағына» арнайы ат басын бұрып, ондағы суккуленттер мен тропикалық өсімдіктер әлемімен танысты.

2018 жылы құрылған Астананың ботаникалық бағындағы екі жылыжайда (суккулентті және тропикалық): литопстар, непентес, банан, араукария, кумкват, цикад өсімдіктерін кездестіруге болады.

Оранжереяның біріне фикус, лимон, драцен, апельсин, папоротник, пальма және басқа да тропикалық мемлекеттерден тасымалданған 1100 өсімдік отырғызылған. Әлемде сирек кездесетін коллекциялық кактустар мен гибридтер де бар. Жылыжай ішіндегі климат бірқалыпты, 18-20 градустың шамасында. Әр жылыжайдың аумағы 700 шаршы метр, жалпы 2 мыңнан аса өсімдік түрлері өсіп өнеді.

Бөлісу: