11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Астанада «Салауатты жамағат» ұлттық спорт сайысы өтті (фото)

Астанада «Салауатты жамағат» ұлттық спорт сайысы өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша елордадағы «Ұлытау» спорт кешенінде ұлттық спорт түрлерінен «Салауатты жамағат» сайысы өтті.

Шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, Астана қаласы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Басир Сұлтанбейбарс Асанұлы және елорда мешіттерінен құралған командалар атсалысты.

Жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыруға және ұлттық спорт түрлерінен насихаттауға бағытталған сайыста асық ату, садақ ату, арқан тартыс, ләңгі тебу, кір (гир) көтеру, қол күрес ойындары ойнатылды. Сондай-ақ жас айтыскер ақын Назар Мисалбек арнайы арнау айтты.

Жарыс соңында жеңімпаздар спорт түрлерінен жекелей марапатталып, ал, барлық спорт түрлерінен есептік көрсеткіш бойынша белсенділік танытқан үш мешітке жүлделер табысталды. Яғни, орын алған мешіттер төмендегідей:

І орын – Республикалық бас мешіт;

ІІ орын – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті;

ІІІ орын – «Төлебай» мешіті.

Бөлісу: