Ұлытау облысының бірнеше мешітіне жаңадан дін қызметкерлері тағайындалып, жамағатқа таныстырылды.
Атап айтқанда, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы болып Қуандық Мустафинұлы Зинадин және осы мешіттің ұстазы болып Абдуррохман Асқарұлы Мусаев, сондай-ақ Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің азаншысы болып Нұрсұлтан Ержанұлы Жұматов тағайындалды.