22
Жұма,
Қараша

һижри

Алматыда «Ислам мен дәстүр имамдар ілімінде» біліктілікті арттыру семинары өтті

Алматыда «Ислам мен дәстүр имамдар ілімінде» біліктілікті арттыру семинары өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде Алматы қаласы имамдарының біліктілігін арттыру семинары өткізілді.

Семинарда наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстаздары баяндама жасады. Модератор Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан спикерлерлерді таныстырып, жүргізіп отырды. Атап айтсақ, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев «Имамның жамағат намазын өткізу» тақырыбында баяндама жасады. Ал «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD докторант Абдулхаким Бурхан «Деобандия мектебінің діни ұстанымы және саяси тәжірибесі» тақырыбын ашты. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, ф.ғ.к., Рашид Сражұлы «Тәпсір жасауда және ислам ілімдері үшін араб тілінің маңыздылығы» жайлы айтты. ҚМДБ «Уақып» қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы «Уақып жұмысын жетілдіру жолдары» бойынша терең мәлімет беріп, жаңа жобаларға тоқталды. Алматы қаласындағы шариғат және пәтуа бойынша жауапты маманы Тимур Әлиев ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің пәтуаларын таныстырды.

Біліктілікті арттыру семинарына қала мешіттерінің бас имамдары мен ұстаздардан құралған 100 діни қызметкер қатысты. Сондай-ақ шаһардың бас имамы Төлеби Дәділұлы имамдарға семинарға қатысқандығы жайлы сертификат табыстады.

Бөлісу: