27
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бөлім меңгерушісі халықаралық конференцияға қатысты

Бөлім меңгерушісі халықаралық конференцияға қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков Орталықтандырылған Ислам діні ұйымының шақыруымен РФ Дағыстан Республикасында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

«Дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау және нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты белсендіру механизмдері» тақырыбында ұйымдастырылған конференция Махачкала қаласында өтті. Халықаралық жиынға араб-мұсылман әлемі, Еуропа мен Орталық Азия елдерінен, сондай-ақ Ресейдің түрлі аймақтарынан делегаттар қатысты.

Конференция барысында дәстүрлі ресейлік рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру контекстінде білім беру мен мәдениет, БАҚ-тың Ресейдің халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастырудағы рөлі, дәстүрлі ресейлік рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау және нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың діни факторы, қазіргі геосаяси жағдайдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы исламның рөлі және басқа да маңызды діни және халықаралық мәселелер талқыланды.

Конференцияда Нұрлан Қайырбеков Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Дағыстан халқы мен барлық қатысушыға сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, бөлім меңгерушісі бірнеше баяндама жасап, төмендегі тақырыптар бойынша сөз сөйледі: «Білім беру мен мәдениет исламның дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру контекстінде», «Шариғат негіздерінің және қазақ халқының дәстүрлерінің тоғысуы», «Қазақстандағы үш сатылы исламдық білім беру: Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университеті негізінде».

Халықаралық конференция жоғары деңгейде, достық әрі бауырластық атмосферада өтті.

Бөлісу: