Астана қаласына арнайы іс-сапармен келген Түркістан облысы Төлеби ауданының бас имамы, орыс тілді РАНТ мүшесі Әділхан Сертайұлы өкілдікке қарасты қала мешіттерінің жамағатымен жүздесіп, әртүрлі мекемелерде үгіт-насихат жасады.
Атап айтсақ, Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен діни ағарту жұмыстары барысында РАНТ мүшесі Дін істері басқармасы аясында сондай-ақ «Әл-Ғани» мешітінде «Ата-ананың разылығы» тақырыбында, «Әл-Фараби» мешітінде «Нәпіл ораза», Астана медресесінде «Бабалар ізімен», «Шейх Кунта қажы» мешітінде, «Ырыскелді қажы» мешіті, «С. Ғылмани» мешіттерінде жамағатпен кездесіп, әртүрлі тақырыпта орыс тілінде үгіт-насихат жұмыстарын жасады. Жалпы өткен кездесулер барысында 1 000 адам қамтылды.
дереккөз: muslim.kz