18
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналар келбеті дәріптелді

Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналар келбеті дәріптелді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті» тақырыбында рухани іс-шара өтті.

Жиынға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, Нұр-Мүбарак университетінің профессоры, PHD докторы, исламтанушы Шәмшат Әділбаева, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты Айгерім Төреханқызы, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі Күлсара Бекет және мешіт қыз-келіншектері мен ақ жаулықты аналар қауымы қатысты.

Шара барысында ұлт тарихында орны бөлек аналар бейнесі, қазақ әйелінің көркем образы айқындалып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымына үлгі алар тұстары сөз етілді. Және шариғат пен дәстүрді біріктіре отырып, әйел жамағатына үгіт-насихаттар жасалды. Әдеп, тәрбие, тектілік, парасаттылық, үлкенге құрмет, сыйластық секілді асыл қасиеттер жиынның өзегіне айналды. Кешке қатысқан әйелдер қауымы мол рухани азық алып қайтты.

Бөлісу: