28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Талаба» қауымдастығының өкілдері есеп берді (фото)

«Талаба» қауымдастығының өкілдері есеп берді (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен 2024 жылдың қорытынды Төралқа жиынында шетелдердегі «Талаба» қауымдастығының өкілдері арнайы есеп берді.

Атап айтқанда, Діни басқарманың Түркия Республикасындағы жауапты өкілі Абдурашит Карабаев пен Мысыр Араб Республикасындағы жауапты өкілі Руслан Серғазиев онлайн форматта баяндама жасады. «Талаба» қауымдастығының жауапты өкілдері шетелде діни білім алып жатқан қазақ студенттері жайлы ақпарат беріп, 2024 жылы атқарған ауқымды шараларға кеңінен тоқталды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Отанынан, ата-ана, бауырларынан жырақта жүрген қазақ студенттері Діни басқарманың қамқорлығын әрдайым сезініп жүруі тиіс екенін айтты. Осы ретте Діни басқарманың жауапты өкілдері Абдурашит Зиядинұлы мен Руслан Амантұрсынұлына «Талаба» қауымдастығының жұмысын ары қарай жетілдіре беруді тапсырды.

Айта кетейік, 2024 жылдың қорытынды Төралқа жиынында облыстық өкілдіктердің бас имамдары да жылдық есебін Бас мүфтиге баяндады.

Бөлісу: