10
Жұма,
Қаңтар

һижри

Алматыда мүфтилер алқасының кезекті отырысы өтті

Алматыда мүфтилер алқасының кезекті отырысы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Алматы Орталық мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Мүфтилер алқасының кезекті отырысы өтті.

Басқосуға мүфтиятты әр жылдары басқарған Бас мүфтилер – Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз қатысты.

Жиында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла қаласа, бірер күндерден кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында жоспардағы көптеген игі істерді өздеріңіздің қолдауларыңызбен, жұрт болып жұмылып, халық болып бірігіп атқара береміз. Бәріміздің мақсатымыз – ортақ, Ахмет Ясауи бабамыз айтқандай, Хаққа қызмет халыққа қызмет етуден басталады. Хаққа да, халыққа да қызмет етіп жатқан істерімізге Алла мол сауаптан жазсын! Еліміз аман, жеріміз тыныш болып, Алла Тағала мұсылман қауымын рухани алауыздықтан сақтасын. Әмин!» – деді.

Мәжілісте дін қайраткерлері қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ықпалынан сақтандыру, жамағаттың бірлігін арттыру сынды мәселелер төңірегінде пікір алысты.

Бөлісу: