Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (IСESCO) бас хатшысы Салим бен Мұхаммед Әбдел Малик Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.
«Сізді Бас мүфти лауазымына қайта сайлануыңызға байланысты шын жүректен ізгі тілек пен құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің бұл лауазымдағы дін қызметін жалғастыруыңыз Қазақстандағы мұсылман қоғамы мен ғалымдарының үлкен сенімінің көрінісі және Ислам мен мұсылмандарға деген қызметіңіз бен кемеңгер көшбасшылық қасиеттің бағалануы деп санаймын. Алла Тағаладан жоғары қызметіңізге табыс пен сәттілік және берекесін тілеймін» делінген құттықтау хатта.
дереккөз: muftyat.kz