22
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Түркістан: Діни сауат ашу орталығының қазығы қағылды

Түркістан: Діни сауат ашу орталығының қазығы қағылды

Жаңалықтар
Жарнама

Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов Мақтаарал ауданына сапары барысында «Абдул Әкім» мешіті жанынан салынатын діни сауат ашу ғимаратының  қазығын қақты.

Іс-шараға аудан бас имамы Нұржан Мұсабеков, аудан ақсақалдары және аудан тұрғындары қатысты. Жалпы ғимарат екі қабаттан тұрады. Мұнда ұстаздар бөлмесі, асхана, дәретхана, 50 шәкірт дәріс алуға арналған бөлмелермен қамтылған.

Сапар барысында облыс бас имамы Мақтаарал аудандық «Абдул Әкім» орталық мешітінде «Қоғамдағы мұсылманның рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында жұма уағызын айтты. Сонымен бірге дінге қызмет етіп жүрген кәсіпкерлерге және жамағатқа арнайы алғыс хат табыстап, ризашылығын білдірді.

Бұдан кейін облыс бас имамы Ержан Сматұлы аудан ақсақалдары мен дін қызметкерлері және тұрғындармен  кездесіп, аудандық Мәдениет үйінде өткен «Дінаралық келісім – ынтымақ кепілі» семинарына қатысты. Семинар алғысөзін аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы бастап, аудан әкімінің ыстық ықыласы мен құттықтау сөзін жеткізді. Ары қарай Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы дін туралы тарихтан сөз шертіп, хадистермен толықтырды. Жалпы діннің қоғамдағы орны, имамдардың тұлғалық келбеті туралы айтты. Сөз соңында Мақтаарал ауданының бас имамы Нұржан Мұсабеков сөз сөйлеп, қорытындылады. Іс-шара соңында облыс бас имамы дінге өз үлесін қосып жүрген аудан имамдарына алғыс хат табыстады. Алдағы атқарар еңбектеріне табыс тілеп, ҚМДБ құрылғанына 35 жыл толуымен құттықтады.

Семинар соңында Ержан Сматұлы аудандық «Санұр» телеарнасына сұхбат берді.

Бөлісу: