Меню

28
Жұма,
Наурыз
27
Рамазан
1446 һижри

Каирдегі «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде Қазақстан азаматтарына алғаш рет ауызашар берілді

Каирдегі «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде Қазақстан азаматтарына алғаш рет ауызашар берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен және ҚМДБ өкілдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет Каирдегі тарихи «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде Қазақстан азаматтарына ауызашар берілді.

Рухани басқосуға Қазақстанның дипломаттары, Каирде білім алып жатқан қазақ студенттері, жергілікті мешіт қызметкерлері қатысты. Ауызашар дастарқанында дәстүрлі қазақ және араб ас мәзірі ұсынылып, ерекше рухани атмосфера орнады. Шара барысында Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Жеңісұлы жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұндай басқосулар қазақ жастарының өзара ынтымағын нығайтып, тарихи және діни құндылықтарды дәріптеуге ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ, студенттер үшін рухани-тәрбиелік сұхбат ұйымдастырылып, онда ислам құндылықтары, Сұлтан Бейбарыстың қазақ тарихындағы орны, білім алудың маңызы және жастардың ел алдындағы жауапкершілігі секілді тақырыптар қозғалды. Имамдар мен ұстаздар Рамазан айының қасиетін, сабырлық пен бірліктің маңызын түсіндіріп, Сұлтан Бейбарыс бабамыздың рухына құран бағыштады. Арнайы дұға жасап, жиындағы жастарға ақ баталарын берді. Бұл ауызашар – Қазақстан мен Мысыр арасындағы мәдени және рухани байланыстың нығаюына қосылған тағы бір игі қадам болды.