13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио діни ұстанымға байланысты туындайтын қысымшылықтан мұсылмандарды қорғауға арналған интернет-акцияға қолдау білдірді.

Моңғол астанасы Ұлан-Батор қаласындағы екі мешітке араб және қазақ тілінде (аудармасы) 4 мыңнан аса Құран кітабы таратылды. Кітаптар сондай-ақ мұсылман жоғары оқу орны студенттеріне де үлестірілді.

Біріккен араб әмірлігі Шарджа штатында такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін пәкістандық Насрелла Шер көлікте 1,7 миллион дирхам (500 мың АҚШ доллары) ақша салынған сөмкені ұмыт қалдырған иесіне толығымен қайтарып берді, деп жазады The National басылымы.

Зерттеу деректеріне сәйкес, Дания ислам мектептерінің студенттері мемлекеттік білім мекемелері түлектеріне қарағанда жоғары нәтиже көрсетеді.

Әлемге танылған Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен жұбайы Присцилла Чан медициналық зерттеулерге 3 миллиард доллар қайырымдылық жасауға ниетті екендіктерін жария етті.