12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Мохаммед (Мо) Фарах – шығу тегі сомалилік, британ жеңіл атлеті. Орта және ұзақ қашықтықта желаяқ, 2012 және 2016 жылдардың төрт дүркін олимпиада чемпионы.

Меккедегі әл-Харам мешіті мен Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті жөніндегі бас дирекция қажылыққа әзірлік аясында Қағбаның төменгі қисуасын ауыстырды.

Түркия қажыларды ұлық сапарға аттандырды. Қасиетті мекенді бағыт алған отандастарына ыстық тілек, ізгі лебіздермен, салауат пен дұғамен Каппадокки әуежайынан шығарып салды.

Татарстан астанасы Қазан қаласының имамдары емханаларды аралайды. Бұл шешім ТР Мұсылмандары діни басқармасы уағыз-насихат бөлімінде өткен жиында қабылданған.

Pew Researsch Center зерттеу орталығы Еуропадағы мұсылмандар туралы басты фактілерді жариялады. Delfi литвалық портал бұл жайында қысқаша баяндама жасады.

Мекке мен Дубай қалалары Таяу Шығыста қонақүй құрылысы санынан рейтингті бастап тұр – шамамен әр қалада 20 мыңға жуық мейманхана нөмірі бар.

Біріккен араб әмірлігінде жуық уақытта әуе таксилері пайда болады. «Қаланы мобильдендіру болашағы» атты ауқымды бағдарламаның құрамындағы бұл жоба бойынша Францияның Airbus әуеөндірісі жұмыс істеуде.

Әлемнің мұсылман және өзге де спортшыларының Рио-де-Жанейродағы сапарында халал асқа сұранысы биыл жоғары болды. Осыған байланысты ұйымдастырушылар игі істі қолға алған.