25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алтын Орда - қазақтың мәдени кодының маңызды бөлшегі

4 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алтын Орда – қазақтың мәдени кодының маңызды бөлшегі. Бұл жөнінде Сочиде өтіп жатқан «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының жылсайынғы XVI отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Анкара келісімінің қорытындысы туралы сұхбат берді (ВИДЕО)

3 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркия сапарының қорытындысы туралы Анкара қаласында "Хабар 24" телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ делегаты «Дербент – еуропалық Ислам бастауы» атты Халықаралық конференцияға қатысты

3 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегаты Нариман Исенов «Дербент – еуропалық Ислам бастауы» атты Халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Наурызбай қажы Тағанұлы Анкара сапарының нәтижесі туралы мәлімдедІ (ФОТО)

3 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Түркия астанасы Анкара қаласында Дін істері басқармасында Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен алқалы жиын өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: Қажылық саласында Түркия тәжірибесі ескеріледі (ФОТО)

3 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ делегациясы Түркия дін істері басқармасы Қажылық және умра қызметтері департаментінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Серікбай қажы Ораз Түркия дін қызметкерлеріне дәріс оқыды (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияда басталған "Дін қызметкерлері және мешіт" апталығының ашылуына қатысты. Салтанатты шараның шымылдығын Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербаш ашты.

Игі шараға Қазақстан тарапынан ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, Іс басқарушы Ербосын Орын, Қажылық және ұмра бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалықов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Жиында сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Қадірлі дін қызметкерлері!

Баршаңызға Атажұрттағы ағайынның Анадолыдағы бауырларына, яғни Сіздерге жолдаған дұғай сәлемін жеткізуге рұқсат етіңіздер! Алланың сіздерге амандығы мен берекеті болсын!

Баршаңызды "Дін қызметкерлері мен мешіт" апталығының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл бастама Түркиядағы барша туысқан түрік бауырлардың рухани өміріне үлкен серпін береді деп сенемін.
Түркия - әріптес әрі ең жақын бауырлас ел. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Түркия арасындағы достық, бауырмалдық байланысты жоғары деңгейге көтерді.
Аллаға шүкір, бауырлас елдердің діни саладағы байланысы да артып келеді.

Алла Тағала Құранда бұйырғандай, біз бір-бірімізге жақсы істерде көмектесуіміз керек. Ол үшін ең алдымен бірлік керек.

Алла Тағала біздің бірлігімізді баянды етсін, түркі жұртына, барша мұсылман үмбетіне жар болсын!" - деп атап өтті.

ҚМДБ қызметкерлері Дін істері жоғары кеңесінде келіссөздер жүргізді (ФОТО)

2 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Түркияға ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Дін істері жоғары кеңесінің жұмысымен танысты.

Құран саябағы әлемдегі ең жақсы жер ретінде танылды (Видео)

2 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Time журналының «Әлемдегі ең керемет жерлер» тізімінің алғашқы сапынан Дубай қаласында орналасқан Quranic Park саябағы орын алды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінің рәмізі – балалар мен роботтар

30 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Келер жылы Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесінің рәміздерін таңдау үшін арнайы шараға БАӘ вице-президенті және премьер-министрі әрі Дубай әкімі шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мактум қатысты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти халықаралық марапатқа ие болды (ФОТО)

27 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Еуразия шығармашылық одағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразды «Полиэтникалық Еуразияның руханиятын сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін» номинациясы бойынша арнайы сертификатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында Ресей Федерациясының Бас консулы кеңсесінде өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

25 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінесілтеме жасаған ummet.kz тілшісі хабарлайды.