22
Жұма,
Қараша

һижри

ҚМДБ қызметкерлері Дін істері жоғары кеңесінде келіссөздер жүргізді (ФОТО)

ҚМДБ қызметкерлері Дін істері жоғары кеңесінде келіссөздер жүргізді (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

2 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Түркияға ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері Дін істері жоғары кеңесінің жұмысымен танысты.

Алқалы жиынға Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы қатысты.

Дін істері жоғары кеңесінің өкілі орталықтың жұмысын баяндап берді. Кеңестің негізгі жұмыс бағыты - пәтуа шығару. Келіссөз барысында діни терең мәселелер бойынша ортақ пәтуалар базасын құру мәселесі сөз болды. Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы кеңес мүшелерімен сұхбаттасып, осы салада екіжақты келісім аясын кеңейтуді ұсынды.

Келелі кеңес соңында тараптар өзара байланысты арттыруға уағдаласты.

Бөлісу: