18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қырғыз медреселерінде қазіргі уақытта 5 500 студент тәлім алады. Мұсылман мектептерінің басым бөлігі Шу облысында орналасқан. Осы өңірдің өзінде 27 медресе бар.

Ислам экономикасы әлемдік қаржы нарығынан екі есеге жоғары көрсеткішке өсті. Thomson Reuters және Dinar Standard зерттеулеріне сүйенсек, 2020 жылы мұсылман азық өнімдері мен тауарларына жұмсалар шығыс жылына 3,7 триллион долларды құрамақ. Дәл қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 1,8 триллион доллар шамасында.

Түркияда қаңтар айынан бастап «Шкафта шаң басқанша, көшедегілерге жылу сыйласын» (Dolabında durmasın, sokakları ısıtsın)  атты ерекше акция қолға алынды, деп хабарлайды Timeturk.

2016 жылдың 2-5 маусым күндері «Сокольники» конгресс-көрме орталығында Moscow Halal Expo 2016 халықаралық халал көрмесі өтеді. Аталмыш көрме қасиетті Рамазан айы басталуға таяған уақытқа арнайы жоспарланып отыр.

Стамбул қаласындағы Азиз Махмұд Худай мешітінде азан шақырылып, мұсылмандар намазға сап түзеген сәтте, құран оқып, қол жайып дұға еткен уақытта мысықтар да бір жылулық сезінгендей жамағат маңынан табылады.

Рим-католиктік шіркеуінің архиепископы Милана Анджело скола Италия мектептерінде христиан мерекелерімен қатар ислам дініндегі атаулы күндерді енгізу керектігін мәлім етті, деп жазады imperor.net.

Брюссельдің әр бесінші (19%) тұрғыны – мұсылман. Және 4% мұсылман болғанымен, ұдайы ислам қағидаларын ұстанбайтынын жеткізді, деп хабарлайды жергілікті "Суар" газеті сатистикалық мәліметтерге сүйене отырып.