25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Марғаулар мешіттен пана тапты (ФОТО+ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Стамбул қаласындағы Азиз Махмұд Худай мешітінде азан шақырылып, мұсылмандар намазға сап түзеген сәтте, құран оқып, қол жайып дұға еткен уақытта мысықтар да бір жылулық сезінгендей жамағат маңынан табылады.

Жаратқанның мақұлығы мұсылмандардың намаз оқуына және уағыз тыңдауына еш кедергі жасамайтын көрінеді. Сол себепті, дін қызметкерлері оларды мешіттен қуу туралы ойламаған да екен.

«Мысықтар құлшылық кезінде, уағыз уақытында бізбен бірге осында отырады. Олар мешіт тәртібін бұзбайды. Жамағат мысықтарға ерекше мейіріммен қарайды» дейді мешіт имамы Мұстафа Эфе.

Имам есімінің көпшілікке танылуына көшеде қалған мысықтар мен кішкентай марғаулардың мешіттен пана тауып, құлшылық үйінде асыр салып, ойнағаны, тіптен мешіт имамының иығына өрмелеп жүргені жазылған таспаның таралуы себеп болған.


 

{youtube}3_3tgDIJsbc{/youtube} 

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: