8 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қажылардың жағдайын жақсарту мақсатында Мина жазығында екі қабаттан тұратын палаткалар құрылатын болады, деп хабарлайды islam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Оның бірінші қабатында жұмысшылар жатады әрі тағам өнімдері сақталады. Ал қажылардың өздері екінші қабатына жайғасады. Мұндай палатка сегіз адамға шақталған. Палатка қажылардың қауіпсіздігі үшін отқа жануы қиын материалдан жасалған. Мұндай палатканы жинау да оңай.