21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Білім алуға ешқашан кеш емес

Жаһан
Жарнама

11 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Сингапурдан шыққан 67 жасар Рокия Омар «Исламтану» бағыты бойынша диссертация қорғап,  бакалавр дәрежесін алды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рокия балалық арманын орындап, жас мұсылмандарға өз өнегесімен үлгі болды. «Мен жасымды білім алуға кедергі ретінде көргім келмеді», - деді Рокия Омар сингапурлық Sunday Times газетіне.

Ол бала күнінен араб тілін жақсы көретін және медресе оқығысы келетін. Бірақ жастайынан жұмыс істеген Рокияның білім алуға еш мүмкіндігі болмаған. 56 жасында ислам оқу орнына тапсырған ол 11,5 жыл сырттай оқып, ғылыми дәрежеге қол жеткізді. Рокия Омардың ғылыми жұмысында Сингапурдағы мұсылман әйелдердің қоғамдағы орны қарастырылған.  

Бөлісу: