25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Хирург әйелдерге арналған біржолғы хижаб шықты

Хирург әйелдерге арналған біржолғы хижаб шықты

Жаһан
Жарнама

26 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Ұлыбританияда алғаш рет хирургиялық бөлімнің тәжірибесінде бір реттік арнайы орамал пайдаланыла бастады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Алғаш рет мұндай бір реттік орамал ағылшын Корольдік Дерби ауруханасында қолданылған. Тегі малайлық, дәрігер ординатор Фарах Руслан Дерби королдік емханасына жұмысқа тұрғаннан кейін біржолғы залалсыздандырылған хижаб туралы мәселе көтерген еді.  Оның айтуынша, хирургтің күні бойы бір ғана бас киіммен жүруі антисептикалық нормаға сәйкес келмейдіь яғни, тазалық талабына қайшы келеді. Ал бір жолғы хижаб ота кезінде залалсыз болмақ.

Осылайша хирург мұсылман әйелдер бір жағынан шариғат талабына сай кәсіби формасын киіп, екінші жағынан пациент үшін қауіпсіздіктің ең жоғарғы стандартын сақтай алады.

Сондай-ақ, хирургия бөлімінің басшысы Джилла Тирни бір реттік орамалдардың шығыны өте аз екенін айтты.

Бөлісу: