31
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Мемлекет басшысы шейх Заид мешітіне барды

Мемлекет басшысы шейх Заид мешітіне барды

Жаһан
Жарнама

28 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан Президенті Абу Даби қаласының ең көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітіне барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы және алғашқы Президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым етті, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид мешітіндегі Құрметті қонақтар кітабына «Өз халқының ұлы перзенті, Әмірліктердің негізін қалаушы шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым етемін. Бауырлас Әмірліктер халқының ырысы мол, берекесі баянды, мерейі лайым үстем болуына шын жүректен тілектеспін!», – деген қолтаңба қалдырды.

prezid1

Бөлісу: