09
Бейсенбі,
Шілде

һижри

Бас мүфти «Әл-ӘзҺар» шейхы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты

Бас мүфти «Әл-ӘзҺар» шейхы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты

Жаһан
Жарнама

4 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференция аясында әйгілі «әл-Әзһар» университетінің шейхы, Мысыр бас имамы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуде мұсылман үмбетінің бірлігін арттыру мәселесі сөз болды. Өз кезегінде «әл-Әзһар» университетінің шейхы Ахмет Тайып Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Бөлісу: