20
Сенбі,
Сәуір

һижри

7 қабатты мешіттің құрылысы басталады

7 қабатты мешіттің құрылысы басталады

Жаһан
Жарнама

9 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 3 желтоқсан күні жобасы бекітілген 7 қабатты мешітте мәдениет орталығы, қыз балаларға арналған мектеп, намаз бөлмелері, жиналыс бөлмелері дүкендер мен бақша болады.

Бирмингем қалалық кеңесі жеті қабатты мешіттің құрылысын мақұлдады. Құлшылық үйі алдағы уақытта шаһардың көрнекті ғимараттарының біріне айналуы мүмкін.

3 желтоқсан күні жобасы бекітілген 7 қабатты мешітте мәдениет орталығы, қыз балаларға арналған мектеп, намаз бөлмелері, жиналыс бөлмелері дүкендер мен бақша болады. Жұма намазында 2500 жамағатты сыйдыра алатын құлшылық үйінде былайғы уақытта 500 адам намаз оқиды деп жоспарлануда.

Бирмингем – үлкендігі жағынан Ұлыбританияның Лондоннан кейінгі екінші қаласы. Кейінгі кезде қала тұрғындары арасында мұсылмандардың басымдылығы артып келеді. Соңғы санаққа сәйкес, Бирмингем тұрғындарының 21,8% -ы өздерін мұсылманмын деп санайды.

Аударған: Индира Жұмабекқызы

Бөлісу: