19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

АҚШ: Льюистон мектебінің күнтізбесіне мұсылман мерекелері қосылды

АҚШ: Льюистон мектебінің күнтізбесіне мұсылман мерекелері қосылды

Жаһан
Жарнама

Бұдан былай (АҚШ) Мэн штатындағы үлкен қала Льюистондағы мұсылман оқушылар аудан мемлекеттік мектеп демалыс күнтізбесіне ислам мерекелерін қосқаннан кейін Құрбан айт пен Ораза айтта демалатын болды.

 

Мектеп комитеті бұл күндерді демалыс ету үшін дауыс берді.

Льюстондағы мемлекеттік мектептердегі діни құқықтар мен бостандықтарға маманданған Айша Холл, өзгерістер қоғамның барлық мүшелерінің құқықтарын мемлекет құрметтейтіндігін атап өтті. Комитеттің басқа мүшелері де бұл шешімді құптады.

«Бұл көптен бері созылып келе жатқан өзгеріс, сондықтан мен билік оны жасағанына өте қуаныштымын», – деді комитет мүшесі Киернан Майер-Коллинз.

Льюстон – Мэн штатында мектеп күнтізбесінде мұсылман мерекелерін мойындаған алғашқы қала.

 

IslamNews порталынан аударылды

Бөлісу: