15
Дүйсенбі,
Шілде

һижри

Меккедегі «Харам» мешітінде 11 тілде сауалға жауап беретін робот пайда болды

Меккедегі «Харам» мешітінде 11 тілде сауалға жауап беретін робот пайда болды

Жаһан
Жарнама

Қасиетті Меккедегі Харам мешітінің аумағында қажыларға өздерін толғандырған діни сауалға әлемнің 11 тілінде жауап беретін жасанды зердемен жабдықталған робот пайда болды.

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ArabNews ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Харам мешіті пен Пайғамбар мешітінің дін істері жөніндегі басқармасы ұсынған бұл технология араб, ағылшын, француз, парсы, түрік, малай, урду, қытай, бенгал, т.б. тілдерінде үн қаттады. Қажет болған жағдайда робот ислам ғұламаларымен қашықтан байланысып, олардың түсіндірмелерін қажыларға жеткізеді. Робот смарт тоқтату жүйесі бар 4 дөңгелекпен қозғалады және алдыңғы және артқы жағынан екі камерамен жабдықталған. Роботтың сөйлеу модулі қажыларға ыңғайлы болу үшін ең жоғары дыбыс сапасына ие.

дереккөз: islam.kz порталы

Бөлісу: