26
Жұма,
Сәуір

һижри

Электронды темекіге қатысты пәтуа шықты

Жаһан
Жарнама

Малайзия республикасында «электронды темекіні шегу «харам», яғни күнә» деген пәтуа шықты. Бұл шешімге Шариғат заң пәтуалары Кеңесі сарапшылары ұзақ уақыт зерттеу жұмыстары нәтижесінде келді.

«Шариғат тұрғысынан электронды темекінің адам денсаулығына зияны зор. Ал ислам діні мұсылмандарды адам денсаулығына тікелей не жанама түрде зиян беруге тыйым салады. Оның үстіне электронды темекі тарту – пайдасыз іс. Осындай пайдасыз нәрсеге ақша ысырап ету де жақсы емес» дейді Кеңес төрағасы Абдул Шүкір.

Айта кетейік, электронды темекіге әуесқойлар саны бойынша Малайзия елі АҚШ-тан кейінгі орында тұр. Елде мұндай әдетке миллионға жуық адам жақын көрінеді. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: