19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Мүфти: Ислам темекіге тыйым салады

Жаһан
Жарнама

Мұсылман ғалымдары кезекті рет ислам дінінде темекіге қатаң тыйым салынатынын мәлімдеді.

Дубай әмірлігінің бас мүфтиі доктор Әли Ахмед Машаил тыйым тек қалыптасқан темекі түрлеріне ғана емес, зияны мен күнәсі кем түспейтін электронды шылымға да қатысты екенін айтты.

«Электронды және дағдылы темекіні шегу харамға жатады. Оның шегушімен қатар қоршаған ортаға, өзге адамдарға зияны орасан. Бұған қоса, темекіні сатып алу күнәға батырар ысырап екенін де ұмытпайық» деп атап өтті мүфти.

Айта кетейік, осы айда электронды темекіге қатысты харам деген пәтуаны Малайзия елінің Ұлттық кеңесі жариялады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: