18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Индонезия мен Малайзия браконерлікке қарсы пәтуа шығарды

Жаһан
Жарнама

Индонезия мен Малайзия елдерінің дін ғалымдары сирек кездесетін жануарларға браконерлік жасауға қатысты пәтуа шығарды.

Мұсылман ғалымдары браконерлікті үлкен күнә екенін мәлімдеді, деп жазады Globalpost.com. Малайзияның Теренггану штаты дін басқармасы Индонезия ғалымдарына үн қосып, заңсыз аң аулау туралы пәтуа жариялады.

Еске сала кетсек, Индонезия Жоғарғы мұсылман кеңесі 2014 жылы экологияны, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау мәселесін көтерген болатын. Азияның оңтүстігіндегі бұл елдер жан-жануардың алуан түріне бай мекен саналады. Мұнда жолбарыс, мүйізтұмсық, піл, акула мен скат секілді теңіз бен құрлық мақұлықтары бар. Сәйкесінше, табиғат жаратылыстарына бай өңірде браконерлік көрсеткіші де өршіп тұр. Жануарлардың жер бетінен жойылып кетуінің алдын алу мақсатында Малайзия мен Индонезия ғалымдары осындай пәтуаға тоқталды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: