20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Франциялық мұсылман: «Мен батыр емепсін»

Жаһан
Жарнама

Шығу тегі малилік мұсылман Париж терактісіне байланысты «Мен батыр емеспін» атты кітабын жариялап, ел арасында нағыз батырдың өзіне айналды.

Лассана Базили есімді сатушы террористердің шабуылы кезінде үркіккен тұтынушыларды супермаркеттің қойма бөлмелеріне жасырып, барлығын түгел аман сақтап қалды.

Осы оқиғадан соң ол өзі және болған жағдай туралы телеарналар мен газет беттерінде мақтанышпен емес, ұяла баяндады. Көп ұзамай Лассанаға француз паспорты берілді. Ал Франция президенті оны «менің сүйікті француздық азаматым» деп атады.

Қоғам тарапынан оның іс-әрекетіне қызығушылық тууы ақырында Л.Базилидің сол күн туралы арнайы кітап басып шығаруына алып келді. Себебі, ол өзін батыр санамайды. Сондықтан да, кітап аты «Мен батыр емепсін» деп аталады. Кітап тұсаукесері 6 қаңтар күні өткізіледі деп жоспарланған. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: