26
Жұма,
Сәуір

һижри

АҚШ-та Мұхаммед есімді балалар көбеюде

Жаһан
Жарнама

АҚШ тарихында соңғы жарты ғасыр ішінде балаларға Мұхаммед есімі 100 есе жиі қойылған. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

1964 жылдың өзінде 29 Мұхаммед дүние есігін ашты. Әр он жылдықта осы есімді иеленген  балалар саны да геометриялық өсу көрсеткішіне ие болып келеді.

1974 жылы пайғамбар есімін 142 отбасы өз сәбиіне таңдаған, тағы он жылдан соң 571 отбасы Мұхаммед атына тоқталған.

2001 жылы АҚШ-та 2222 Мұхаммед есімі тіркелді. Мұнан кейін 11 қыркүйектегі уақиғаға байланысты аталмыш есімді қою үрдісі саябырлады.

Ал соңғы жылдары Құрама штатта Мұхаммед есімін қою кең етек жайды. 2014 жылы 2931 отбасы сәбилерін Алла елшісінің (с.ғ.с.) есімімен атаған. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: