26
Жұма,
Сәуір

һижри

YouTube Пәкістанға қайта оралды

Жаһан
Жарнама

Пәкістан билігі таяу уақытта YouTube порталына кіру мүмкіндігін қайта іске қосады.

Үкімет әзірлеген осындай қаулы жақын арада күшіне енбек. Бұл туралы журналистерге Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар министрі төрағасының ресми өкілі Сагир Ватту мәлімдеді.

«Үкімет ел территриясында YouTube порталының қызметіне қойған шектеуді алып тастау туралы қаулы әзірледі. Бұл құжат қазіргі уақытта Пәкістанның Телекоммуникациялар ведомствасына жіберілді. Жуықта 48 сағат ішінде қаулы күшіне енеді» дейді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Пәкістанға қайта оралған YouTube желісінде антиисламдық контенттерге жол берілмейді. «Құзіретті мекемелер бұл бағыттағы жұмысты күшейту туралы міндеттеме алды» деді С.Ватту.

Еске сала кетсек, Пәкістанда YouTube бейнепорталы ислам әлемінің наразылығын тудырған Сэм Бессилдің шулы фильмінен соң 2012 жылы жабылған болатын. 

Бөлісу: