19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Әлем тілдері Құраннан құр қалмасын»

Жаһан
Жарнама

Түркия Дін істері басқармасы биыл Құранның аударма мағыналарын «Әлем тілдері Құраннан құр қалмасын» жобасы аясында 10 тілде әзірлеуді жоспарлап отыр.

Аталмыш жоба негізінде қасиетті кітаптың ағылшын, болгар, украин, қырғыз, албан, португал, босния, кәріс, парсы және литва тілдеріндегі аудармалары басып шығарылмақ, деп жазады TRT.

Айта кетейік, осы тілдерге аударылған Құран кітаптарының электронды нұсқасы да қол жетімді болады.

Өткен жылы қасиетті Құран Кәрімнің француз, күрді, армян, румын, орыс, грузин, испан, әзірбайжан, қытай, татар, итальян, қазақ және дат тіліндегі нұсқалары жарық көрді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: