23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Шіркеу өкілдері христиандарды қорғап, қаза болған мұсылманға құрмет көрсетті

Жаһан
Жарнама

Кенияның католиктік және баптистік шіркеу өкілдері террористер шабуылынан христиандарды қорғау кезінде алған жарақататынан ауруханада көз жұмған мұсылман мұғалімге құрмет көрсетті, деп хабарлайды Religion News.

Естеріңізде болса, алдыңғы хабарларымыздың бірінде бұл жайында ақпар берген болатынбыз. Бастауыш сынып оқытушысы Салах Фарах лаңкестер құрсауында қалған автобустағы өзімен бірге мінген жолаушыларды қылмыскерлерден қорғау кезінде жарақат алған. Лаңкестер жолаушылар ішінен христиан сеніміндегілерді бөлектеп, өлтірмек болған.

Ауруханада айға жуық төсек тартқан мұғалім ақырында көз жұмды. Шіркеу өкілдері С.Фарахты қазасына қайғыра көңіл айтып, христиан қауымы атынан құрмет білдіретіндіктерін жеткізді. «Ол өз өмірін христиандарды қорғау жолында қиды.  Фарахтың қайсарлығына басымызды иеміз» дейді Кения баптистік шіркеуі өкілі Веллингтон Мутисо.

«Бұл уақиға Кенияның солтүстігіндегі терактілердің діни астары, мұсылмандар мен терроризмнің байланысы жоқ екенін айғақтайды» деді католик шіркеуінен келген Джон Мусьока. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: